Төрт айда Қазақстан арқылы транзитпен 4,8 млн тонна жүк тасымалданды

Express Qazaqstan

savingurals.com

2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан аумағы бойынша транзиттік қатынастағы жүк тасымалы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейді сақтап қалды және 4,8 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Контейнерлік тасымал 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63% артты және 244 ЖФБ құрады. Контейнерлік тасымал барлық бағыт: Қытай/Азия-Еуропа-Қытай/Азия — 160,3 мың ЖФБ (2020 жылға+110%); Қытай — Орталық Азия елдері — Қытай — 56, з ЖФБ (2020 жылға +36%); ТХКМ — 36 мың ЖФБ (2020 жылға 217%); Қытай — Иран — Қытай — 1,5 мың ЖФБ (2020 жылға +42%) бойынша өскендігін көрсетіп отыр. 2021 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша контейнерлік емес транзит 2020 жылдың 1 тоқсанына қарағанда 18% төмендеді. Төмендеу Ресейден Қытайға темір рудасын және Ресейден Орталық Азия елдеріне қара метал тасымалдаудың төмендеуінен орын алды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров