Судья «СҚ-Фармация» экс-басшысы Берік Шәріптің өтінішін қанағаттандырған жоқ

Express Qazaqstan

azattyq-ruhy.kz

«СҚ-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты сотта ала тыңдау басталды. Сегіз айдан бері қамауда отырған экс-басшы өзін босатуды сұрады. Бұл туралы azattyq-ruhy.kz хабарлайды.

"Тергеуге белсенді қатыстым, қашпадым. Тергеу амалдарынан жалтармадым. Өйткені айыпсыз екеніме сенімдімін. Ол қазір істе де дәлелденіп жатыр. Сондықтан адвокаттарымның өтінішін құптап, мені босатуларыңызды сұраймын", — деді ол.

Алайда, судья оның өтінішін қанағаттандырған жоқ. "СҚ-Фармация" компаниясының бұрынғы басшысы сегіз айдан бері қамауда отыр. Берік Шәріп Төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу барысында өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып отыр.

2020 жылдың 14 тамызында "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп қамауға алынды.

Берік Шәріп тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі дистрибьютор компания басшылығына 2020 жылдың 21 сәуірінде келді. Бұған дейін "СҚ-Фармация" басқарма төрағасының міндетін атқарған.

2020 жылдың 10 шілдесінде ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров