Ауылшаруашылығына берілетін субсидияны да жемқорлық жайлаған

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Ауылшаруашылығы саласын өрістету бағытын дамытуға бөлінетін субсидиялар жөн-жосықсыз жұмсалып жатыр дейді ҚР Парламент Сенатының депутаты Андрей Лукин.

Сенатор соңғы бес жыл ішінде жеңілдікпен берілетін несие мен субсидияға ел қазынасынан 2,9 трлн теңге бөлінгенін, субсидияны үлестіру механизмі жабық екенін жеткізді. Сенат отырысында депутат осы салада жемқорлық фактілері жиі тіркеледі дейді. Депутат 2018-2020 жылдар ішінде ауылшаруашылығы саласы бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру процесі кезінде 144 қылмыстық іс тіркелгенін баса айтты. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 57 факт, субсидияға бөлінген қаржыны жымқырумен 87 сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Жемқорлық кесірінен мемлекетке 2,1 миллиард теңгеден астам шығын келген.

Андрей Лукин агроөнеркәсіптік кешендерді субсидиялау ережесін қайта қарап, жетілдірген дұрыс деп ұсынысын айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров