Латын графикасына тағы өзгеріс енгізілді

Express Qazaqstan

pbs.twimg.com

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы президент жарлығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. "Ашық нормативтік құқықтық актілері" порталында жаңа әліпбидің соңғы нұсқасы да жарияланып отыр. Оған бір өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жоғарыда аталған жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Қазақстан Республикасының үкіметі қазақ тілінің латын графикасына негізделген емле қағидаларын бекітсін", — делінген құжат жобасында.

Жарлық қосымшасында жаңа әліпбидің соңғы нұсқасы бар. 21 сәуірде жарияланған жарлықтың жобасы 6 мамырға дейін талқылауға шығарылып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа әліпбидің нұсқасы таныстырылған болатын. Онда умлаут, бревис, седиль мен макрон сияқты төрт бірдей диакритикалық белгі бар. Бұдан бөлек, кирилл әліпбиінен келген кейбір әріптерді алып тастады. Бірақ қоғамдық талқылауға шығарылған нұсқада "ң" әрпін басқа таңбамен берген. Президентке таныстырған нұсқада "ƞ" таңбасы болса, жарлықтың қосымшасында "ñ" деп көрсетілген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров