"Нұр-Сұлтан – Алматы" автожолы 2023 жылы пайдалануға беріледі

Express Qazaqstan

turkystan.kz

Үкімет пен облыс әкімдіктері 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Тағы да қайталап айтамын: Үкімет пен облыс әкімдіктері 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс. 2019 жылдан бастап бүкіл еліміз бойынша осы мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінуде. Жол құрылысына және оны жөндеуге жергілікті бюджеттен де қаржы жұмсалады. Нәтиже жоқ деп айтуға болады. Жөнделген жолдың көбі бір жыл өтпей жарамсыз болып қалады. Мұны ашық айту керек. Мердігерлер өздерінің кепілді міндеттемелерін қалай орындап жатыр? Жалпы, осы жұмысқа ұзақ жылдар бойы тек белгілі бір мердігерлер ғана қатысады. Бұл сұраққа Үкімет жауап беруі керек, — деді ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің тапсырысын орындаймын деп келген кез келген мердігердің басты міндеті — сапалы жұмыс болуы керектігін атап өтті. Сондықтан, оларға қойылатын талап та қатаң болуға тиістігін баса айтты.

Ал, жалпы еліміздегі жолдардың жай-күйіне келсек, "Нұр-Сұлтан — Алматы" автожолын жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған. Бұл жол елордамызды 8 миллионнан астам тұрғыны бар оңтүстік өңірлермен байланыстырады. Жұмыс қарқынын күшейтіп, осы жолды 2023 жылы пайдалануға беруді тапсырамын. Шын мәнінде, жол салу және оны жөндеу жұмыстары сапасыз атқарылып жатқанын мойындаған жөн, — деді Мемлекет басшысы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров