Вирус жұқтырған Хасанғалиевтер ауыр хәлде ауруханада жатыр

Express Qazaqstan

instagram.com / birjan_khassangaliev

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Жас Қазақ газеті.

Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, оның анасы да жансақтау бөлімінде жатыр.

"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер айтқан "жағдайы тұрақты" деген сөзі көп үміт және сенім береді", — деді Біржан Хасанғалиев.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров