Қазақстанның тоғыз облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды

Express Qazaqstan

pixabay.com

Қазақстанның тоғыз облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

"23-24 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 23 сәуірде күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 23 сәуірде таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с", — делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

23-25 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 23-25 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 23-24 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 23-24 сәуірде кей жерлерде 3 градус үсік сақталады. Тараз қ: 23-25 сәуірде тұман күтіледі. Күндіз 23 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

"23 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 23 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі", — делінген хабарда.

23 сәуірде күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 23 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: найзағай күтіледі.

"23 сәуірде Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі", — деді "Қазгидромет" РМК.

23 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қ.: 23 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

"23 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ.: 23 сәуірде найзағай, кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с", — деді синоптиктер.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров