Есіл өзеніне батып кеткен көліктен ер адамның денесі табылды

Express Qazaqstan

AiTube.kz-тен кадр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзіненінен суға батып кеткен көлік шығарылды. Көліктен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға Қызылжар ауданы Красный Яр ауылына жақын маңда болған. Суға батып кеткен жол талғамайтын көлікті трактордың көмегімен шығаруға тура келген.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Есіл өзеніне батып кеткен ішінде Петропавл тұрғынының денесі бар Toyota Surf көлігін судан шығару фактісі бойынша соталды "001" санатты тергеу жұмыстары басталды. Бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды. Соның қорытындысына қарай процессуалды шешім қабылданады", — делінген СҚО Полиция департаментінің хабарламасында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров