Өскемен, Семей, Аягөз – «қызыл аймақта»


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Өскемен, Семей және Аягөз ауданы 23 сәуірден бастап «қызыл аймаққа» енді. Аталған елді мекен тұрғындарына шектеу шаралары түсіндіріліп жатыр.
Жалпы, пандемия басталғаннан бері Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясының 24 мың жағдайы тіркелді. Облыс қазір "сары аймақта". Ал Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында эпидемиялық жағдай ушығып бара жатқандықтан шектеу күшейді. Тек соңғы аптада Семейде 240 науқас анықталып, қала вирустың таралуы жағынан көш бастады. Облыс орталығы Өскеменде 209 оқиға тіркелді. Тоғыз жолдың торабында жатқан Аягөз ауданында 67 адам коронавирус жұқтырған. Сөйтіп, инфекцияның таралуы бойынша жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бұл елді мекендер "қызыл аймаққа" жатқызылды.
Бұдан былай үш өңірдің тұрғындары үшін талап күшейді. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Онда "қызыл аймақта" аурудың таралуын ауыздықтау үшін белгілі бір шектеу шаралары енгізілген. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Әлиннің айтуынша, өзгерістер сауда, қоғамдық тамақтану, мәдениет нысандарының жұмысына қатысты.
Бөлісу