Алматы
Шамамен 4 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған топ ұсталды


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, ол 2017-2019 жылдары өзі бақылайтын жеті компанияның банктік шоттары арқылы 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
"Іс бойынша айыпталушылар алты адамнан тұрады, олардың ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері және банктердің бірінің қазіргі басшысы бар", — делінген хабарламада.
Сот үкімімен айыпталушылар ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 216-бабының 3-бөлігі (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей және тауар тиеп-жөнелтілмей шот-фактураларды жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылды және бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзімдеріне сотталды. ҰҚТ мүшелерінің мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.
Бөлісу