Алматы
Алматыда MART сауда үйіндегілер шұғыл эвакуацияланды


instagram.com
Жарылғыш зат бары туралы хабарлама түсуіне байланысты Алматыдағы MART сауда орталығындағылар эвакуацияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Таңғы сағат 9.15-те MART сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келіп түсті.
Таңғы сағат 9.17-де MART әкімшілігі сауда орталығындағы адамдарды эвакуациялауға көшті.
9.35-те эвакуация аяқталды. Екі ғимараттан 200-ден астам адам қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.
Төтенше жағдайлар қызметі тексеру шараларын жүргізеді. Сауда орталығы әзірге жабық.
Бөлісу