Президент Қ. Тоқаев: Қолжетімді болу үшін "QazVac" вакцина өндірісі ұлғайтылады

. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

primeminister.kz

Сovid-19-ға қарсы "QazVac" қазақстандық вакцина өндірісі барлық азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұлғайтылатын болады, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"QazVac" вакцинасының алғашқы партиясы еліміздің өңірлеріне келіп түсті. Вакцина өндірісі оны барлық азаматтарға қол жетімді ету үшін ұлғайтылады", — деп жазды Тоқаев жұма күні Twitter-дегі парақшасында.

"Қазақстан өз вакцинасын жасаған санаулы мемлекеттердің бірі болды. Оны әзірлеуге қатысқан ғалымдар мен барлық мамандарға алғысымды білдіремін", — деді президент.

Өткен бейсенбіде Сovid-19-ға қарсы "QazVac" қазақстандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы еліміздің өңірлеріне жөнелтілді.

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың мәлімдеуінше, мамыр айында 50 мың доза көлемінде кезекті партия шығару жоспарланып отыр. Бұдан әрі вакцина өндірісі кезең-кезеңімен айына 500-600 мың дозаға дейін ұлғайтылатын болады.

Халықты "QazVac" вакцинасымен вакцинациялау ағымдағы жылдың 26 сәуірінде басталады.

Қазақстан 2020 жылғы наурызда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында коронавирусқа қарсы өз вакцинасын әзірлеуге кірісті. 2020 жылғы мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қазақстандық коронавирусқа қарсы белсенділігі жойылған вакцинаны кандидаттық вакциналар тізіміне, ал 29 тамызда клиникалық сынақтарға жіберілгендердің қатарына қосты. Қазіргі уақытта отандық "QazVac" вакцинасы (бұрынғы атауы "QazCovid-in") клиникалық сынақ сатысында, ол 9 шілдеде аяқталады.

Бұған дейін вице-премьер Тоғжанов қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі Қазақстан өз зауытын аяқтағанға дейін Түркияда жүзеге асырылатынын хабарлаған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров