Биткоин 5,78%-ға арзандады

Express Qazaqstan

pixabay.com

Сауда сессиясы кезінде биткоин бағасы 5,78%-ға төмендеп, 48,5 мың доллар болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz CoinDesk сауда алаңының дерегіне сілтеме жасап.

 Түркияның орталық банкі 30 сәуірден бастап тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін криптовалютаны қолдануға тыйым салған еді. Реттеуші криптоактивтерде қатер көп екенін және оның ешқандай жолмен реттелмейтінін алға тартып отыр. Сонымен қатар банк криптовалютаның нарықтық құны тым құбылмалы және ол заңсыз қызмет үшін пайдаланылуы мүмкін деген пікірде. Биткоин — орталықсыздандырылған виртуалды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан биткоинды виртуалды "криптовалюта" деп те атайды. Жүйенің қызметі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады. Бұл валютаны жүйенің мүшесі болып табылатын әр пайдаланушы шығара алады. Ол үшін бар болғаны есептеу құрылғысының көмегімен жүйенің жаңа блоктарын жасау керек. Жүйенің тұжырымдамасы 2008 жылдың қарашасында жарияланған еді. Бірақ биткоин соңғы жылдары ғана танымал бола бастады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров