Алматыда бұқаралық іс-шара және митинг өткізуге тыйым салынды

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматы коронавирустың таралу деңгейі бойынша «қызыл» аймақта, сондықтан мегаполисте кез келген бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті деп, - жазады nege.kz

"Алматы қаласы "қызыл" аймақта болуына байланысты бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынаған. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген. Сондықтан ешқандай митингі өткізуге рұқсат жоқ", — делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған дейін бейбіт жиындар туралы өтініштерді қарайтын уәкілетті органға бұл митингіге рұқсат беруден бас тартуға кеңес берілген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров