Қыздарға бұйырғаны 2 күміс, 3 қола

Express Qazaqstan

instagram.com / boxingkazakhstan/

Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қыздар арасындағы әлемдік додада еліміздің арулары 5 медаль олжалады деп хабарлайды «Экспресс К» сайты.

AIBA бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізу мәртебесін Польша еліне жүктеген болатын. Ерлер мен қыздар арасында өткен әлемдік аламанда еліміздің бұрымды боксшылары 2 күміс, 3 қола медаль олжалады.

Бір аптаға созылған доданың финалына 60 келіде Жұлдыз Шаяхметова шыққан. Жұлдыз барын салғанмен үндістандық Винка басым түсіп, әлем чемпионы атағын алып кетті.

75 келіде Дана Дидай да үндістандық Санамача Чануға есе жіберіп, күміс медальді місе тұтты.

Әлем чемпионатының қола жүлдесі 81 келіден жоғары салмақта сынға түскен Елдана Тәліповаға, 81 келіде сынға түскен Әсел Сағатоваға және 69 келі салмақта айқасқан Жасмин Қизатоваға бұйырды.

Бүгін ерлер әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін өткізеді. Біздің елдің 4 боксшысы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров