Статистика. Қазақстанда жемқорлар көбейіп барады

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Аса ауыр қылмыс құрамы бойынша жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны артып барады, деп мәлімдеді арнайы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және шұғыл әрекет ету басқармасының бастығы Нұрлан Жақсымбетов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

2021 жылдың І-тоқсанында 452 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның төрттен үші — жемқорлық. Аса ауыр құрамдағы қылмыстар санының өсуі байқалады. 1,5 есеге өсу, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы ірі, көп деңгейлі, заңбұрушы сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтауға және әшкерелеуге бағытталғандығын көрсетеді, — деді Нұрлан Жақсымбетов.

Оның айтуынша, тіркелген қылмыстардың көп бөлігі — пара алу және ысырап ету фактілері.

Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 412 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 42 адам республикалық және аймақтық деңгейдегі басшылар.

Ол сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп бөлігін әлі де жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, полиция қызметкерлері және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері жасайтынын баса айтты.

Бұл әбден түсінікті, өйткені біздің мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі әкімдіктерде, полиция бөлімдерінде жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа бейім сала қатарында кедендік бақылау органдары — 85 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, білім беру — 32, денсаулық сақтау және құрылыс саласы (27 адам) ерекше көзге түседі, — деп сөзін аяқтады Жақсымбетов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров