Бас бапкер: Жұлдыз нокдаун алған жоқ

Express Qazaqstan

instagram.com / boxingkazakhstan

Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатын қыздар аяқтады. Еліміздің құыздары құрамасы сапында әлем чемпионатына 10 боксшы барған болатын. Қанжығамызға 5 медаль бұйырды. «Экспресс К» тілшісі қыздар құрамасының аға бапкері Елдос Сайдалинге хабарласып, әлем чемпионаты қалай өткені жайлы пікірін сұрады.

Елдос Сайдалин: "Әрине өкінішті, тым құрығанда 1 боксшымыз әлем чемпионы атанар еді. Мені былтыр жастар құрамасының аға бапкері қызметіне тағайындағанына көп өтпей-ақ пандемия басталып кетті. Жастар құрамасындағы қыздардың көпшілігінде физикалық күш-қуаты кемшін соғып тұрды. Әрине көп жұмыс жүргізуге тура келді. Былтырғы ел чемпионатынан кейін пандемияға тап келіп ешқандай халықаралық сайыстарға қатысқамыз жоқ. Биылғы біріншілік біткен соң-ақ Польшаға ұшып кеттік. Құрамаға қабылданған қыздардың көпшілігі әлі бойын үйрете алмай жатыр. Ббір қайнауы кем екені көзге ұрып тұр.

Енді Польшадағы әлем чемпионатына келсек, 60 келіде Жұлдыз Шаяхметова жасындай жарқылдады. Өзі мұндай халықаралық додаға тұңғыш рет қатысып отыр. Жұлдыз финалдық айқас кезінде қолы рингтің арқанына айқасып қалып еді, төреші нокдаун алды деп санап, есеп ашты. Бұл жерде Жұлдызға ауыр соққы дарыған жоқ. Сондықтан да рингтегі реферидің не үшін нокдаун ашқаны түсініксіз. Мүмкін бұра тартқаны шығар. 75 келіде Дана Дидайдың да әлем чемпионы атануына зор мүмкіндік бар еді. Тіпті аға бапкер ретінде Дана қызымыз еркін ұтады деген сенімім де кәміл еді. Бірақ төрешілердің шешімі басқаша болды. Қола медаль олжалаған қыздарымыз да қарымды екендерін паш ете білді. Ал аз күн тынығып алып Азия чемпионатына дайындықты бастаймыз. Қорыта айтқанда қыздарымыз қолдан келер мүмкіндіктерін аянып қалған жоқ, ақырына дейін айқаса білді".

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров