Атырау облысы
Автобус пен камаз соғысып, 8 адам зардап шекті


AiTube.kz-тен кадр
Әлеуметтік желіде Жылыой ауданындағы «Теңіз-Құлсары» бағытында «ПАЗ» автобусы мен «Камаз» жүк көлігінің соқтығасқаны жөнінде жантүршігеолік видео тарап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, «Камаз» қарсы бетке шығып кеткен.
11 жолаушымен келе жатқан автобус соққыдан аударылып, іштегі 8 адам зардап шеккен. Автобус жүргізушісі ауруханада жатыр. Облыстық полиция департаменті осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Ескерту! Видеода бейпіл сөздер айтылады.
Бөлісу