Қытай
Қытайдың Қазақстанмен шекаралас аумағында 5,9 балл жер сілкінісі тіркелді


© РИА Новости
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Инин (Құлжа) қаласынан солтүстікке қарай 149 шақырым жерде күштілігі 5,9 балл жер асты дүмпуі тіркелді, деп хабарлады РҒА Бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалынан.
Алтай-Саян филиалының жедел өңделген деректері бойынша жұма күні мәскеулік уақытпен сағат 11:30 — да тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасынан шамамен 12-15 шақырым қашықтықта болған.
Сілкіністердің қарқындылығы бойынша зілзала қатты, деп бағаланады.
Жер сілкіністері, оның ішінде өте күшті жер сілкіністері ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында жиі болып тұрады.
Бөлісу