Есілдің суы қауіпті деңгейге жақындады: Өңірде ескерту жарияланды

Express Qazaqstan

vesti-k.ru

Петропавлда Есіл өзенінің суы көтеріліп, қауіпті деңгейге жақындап қалды. Тасыған су халықаралық маңызы бар жолдың үстіне жайылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазгидромет" РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, Есіл өзені Петропавл қаласы маңында көтеріліп келеді. Сағат 16.00-де гидрологиялық постта су деңгейі 941 см көрсетті. Қауіпті межеге 19 см жетпейді. Петропавл маңында өзен суы тасып, арнасынан шыққан жағдайда халықаралық маңызы бар "Челябі-Новосібір" тасжолын шаюы ықтимал. Мамандардың айтуынша, өзен суының деңгейі әлі де көтеріледі. Осыған байланысты өңірде ескерту жарияланды. Жалпы өткен тәулікте Петропавл маңында Есіл өзені 31 см көтерілген. Максималды көрсеткіш Қызылжар ауданы Долматово елді мекенінің маңында тіркелді, мұнда өзен суы 69 см-ге көтерілді. Новоникольское ауылының маңында да су әлі де көбеюде, бір тәулікте 45 см-ге жоғарылаған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров