Мал дәрігерлері неге жетіспейді?

Express Qazaqstan

egemen.kz

Соңғы үш жылда ветернар маманын дайындайтын он жоғары оқу орнында үш жарым мыңнан астам студент білім алған. Бірақ мал дәрігері тапшылығы жойылар емес. Сенаттың жалпы отырысында, депутат Мұхтар Жұмағазиев осы мәселені көтерді.

© ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
© ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Оның айтуынша, бұл салада кемшілік көбейген. Елорда іргесінде орналасқан Нұресіл ауылдық округінің ветеренар маманы Меруерт Мағашар "Астана" телеарнасына берген берген. Аядай ғана әкімдікті паналаған дәрігер бүгінде үш мыңнан астам түтіні бар ауылға жалғыз өзі қызмет көрсетеді. Он жылдан астам еңбек етіп келе жатқан маман әлі күнге дейін мардымсыз жалақымен күнелтіп жүргенін айтады. Саладағы сан проблемадан шаршағанын да жасырмайды.

Меруерт Мағшар: "Бізде жалақы аз. Оның үстіне, біздің жұмыс ауыр, оған біздің жалақымыз татымайды. Ветеренарный пункт болуы қажет бізде. Машинамызды қоятын гаражымыз болуы керек. Оның бәрі бізде жасалып жатқан жоқ. Былай айтқанда вет.техник болуы керек менде. Помошник. Мына жерде ветеренар главный болғандықтан, мен көбінде іс-қағаз жағында жүруім керек қой. Ал вет техник, бізге қосымша қан алу, вакцина салу, соның бәріне жүру керек. Ал ондай маман бізде жоқ қазір. Ал оның бәріне мен өзім жұмыс жасаймын" — дейді.

Елімізде ветеренария мамандығы бойынша 10 жоғары оқу орны бар. Солардың бірі Нұр-Сұлтандағы Сәкен Сейфуллин атындағы университет. Мұнда бүгінгі таңда мыңға тарта студент білім алады. Жыл сайын кемі 150 студент диплом алады. Алайда мардымсыз жалақыдан соң, жастардың дені мамандықтан бас тартатын көрінеді. С.Сейфуллин университетінің деканы Сәрсенбай Әбдірахманов: "Айлығы төмен мал дәрігерлерінің. Жұмыс ауыр, әсіресе көктемде, күзде барлық малдарды емдік шарадан өткізу керек. Сонымен қоса, қазіргі жастардың барлығы қалада тұрғысы келеді. Жағдай, интернет болсын, басқа жағдай болуы керек. Сондықтан ауылдарда ондай жағдай болмаған соң, жастар бас тартады" — деп түсіндірді.

Сенатордың мәліметінше, елдегі 203 ветеренариялық станцияның 104 ғана меншікті нысанда орналасқан. Ал қалғаны жалдамалы орындарда жүр. Ал, ауылдағы жағдай тіпті мүшкіл. Ондағы ветеринар дәрігерлердің 91-і өз үйлерінде жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл өз кезегінде мамандарды жұмысқа тартуда, қиындық тудырады.

Сенатор Мұхтар Жұмағазиев: "Жоғары және орта арнаулы оқу орындары жас мамандарға деген тұрақты сұранысты қанағаттандыра алмай келеді. Осы салаға жұмысқа келгендер еңбек әрі тұрмыс жағдайы болмауы салдарынан жұмыс орындарында аса көп аялдамайды" — деп, мәселені ашық көтерді.

Сенатор келтірген деректерге сенсек, жоғарғы оқу орнын 5 жыл оқып, қолына диплом алғандары мамандығы бойынша жұмыс істеуге құлықсыз. Мәселен 2018 жылы 79 пайызы жұмысқа орналасса, былтыр 50 пайызы ғана ветеринар болуды құп көрген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров