Қанша зейнетақы жинақтары емделуге және тұрғын үй жағдайын жақсартуға аударылды

Express Qazaqstan

inbusiness.kz

2021 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 228 713 өтініші орындалды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Уәкілетті оператор — банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,13 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 5 млн теңгені құрайды. Уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 93 млрд теңгеден астам сома қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров