Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды

Express Qazaqstan

ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар екі алтын, екі күміс алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем чемпионатында еліміздің қоржынына тағы бір "алтын" мен бір "күміс" түсті. Чемпион атағына 64 келіде сынға түскен Сабыржан Аққалықов ие болды. Ол финалда Бозорбоя Матякубовты тізе бүктірді. Ал Елнұр Сүйінбай (60 келі) ақтық сында жапониялық Реито Цуцумиге есе жіберді. Бұдан бұрын Санжар Ташкенбай (49 келі) "алтын", Ерболат Сабыр (56 келі) финалда "күміс" жүлдегер атанған болатын. Тағы бір боксшымыз Диас Молжігітов (75 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Естеріңізге сала кетелік, кеше, 23 сәуірде әлем чемпионатында қыздардан Жұлдыз Шаяхметова (60 келі) мен Дана Дидай (75 келі) "күміс" жүлдегер болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров