24 сәуірге Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды


pixabay.com
24 сәуірге Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
"24 сәуірде күндіз Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі", — делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
"24 сәуірде Ақтөбе облысында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі", — деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
"24 сәуір Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с", — еді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы — 80-85%.
"24 сәуірде Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады", — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Дауылды ескертудің ықтималдығы — 85-90%.
"24 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Қостанай қ.: күндіз 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі", — деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-75%.
"24 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі", — делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы — 95-100%.
Бөлісу