Ресеймен шекарада көліктің көп жиналып қалуына қатысты түсініктеме берілді

Express Qazaqstan

instagram.com / shekaraknbkz

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысында Қазақстан-Ресей шекарасында «Сырым» өткізу пунктінде көп көліктің жиналып қалуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шекара қызметі қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасында (Батыс Қазақстан облысы) орналасқан "Сырым" өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстан Республикасынан шығуға 350-ден астам автомашина көлемінде жүк көлік құралдарының жиналғаны байқалатынын хабарлайды.

Қалыптасқан жағдай шектес мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуіне байланысты (тасымалдауға тыйым салынған заттар мен материалдарды анықтау үшін "технологиялық өтуді" міндетті түрде ұсынуды талап ету)", делінген хабарламада. Ведомствоның мәлімдеуінше, Ресейден Қазақстанға келе жатқан "Маштаков" Ресей Федерациясының іргелес өткізу пункті (400-ден астам автомашина) ауданында да осындай жағдай қалыптасқан. "Жүк көлік құралдарының жүргізушілерін, әсіресе тез бұзылатын өнімді тасымалдаушыларды аталған өткізу пункттері арқылы маршруттарды жоспарлау кезінде осы мән-жайларды ескеруін сұраймыз", деп ескертті Шекара қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров