Желге ұшқан театр

Express Qazaqstan

osken-onir.kz

Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан қаласындағы ұшатын театрдың темір жабындыларын жел ұшырып жатыр,- деп хабарлайды "Экспресс К" ашық дереккөздерге сілтеме жасап.

"Ер түріктің бесігі саналған" Түркістан қаласындағы "Керуен сарайы" туристік кешенінде әлемде теңдесі жоқ ұшатын театр салынады. Қиял-ғажайып орталық саналатын кешенде ертегілер еліне, қазақ халқының тарихына заманауи технологиялармен 8D форматта саяхаттауға болады.

Сөз кие ғой жалпы. Шығыс үлгісіндегі "ұшатын театр" деген атқа ие кешен шынайы өмірде ұшып жатыр. Нақтырақ айтқанда кешен құрылысының қаптамасын жел көтеріп әкеткен.

Әлеуметтік желі қолданушысы Asel Abilbek фейсбук парақшасына облыс орталығы Түркістан қаласында самұрық құстың жұмыртқасы пішіндес салынған ұшатын театрдың жабындылары желге ұшқан сәті жайлы бейнежазба жариялады.

"біз осы ерте қуанып қоямыз-ау. Түркістандағы Самұрық құстың алып жұмыртқасы формасындағы саланыған ерекше "ұшатын театрдың" төбесі желге шыдамай "ұшуды" бастапк еткен сияқты. Сапалы болса екен дейміз ғой. "Ұшпайтын театр" деп өзгерту керек атауын" деп жазды әлеуметтік желіге.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров