Ақтаудағы колонияда екі адам өз-өзіне қол жұмсады

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы «ГМ-172/6» мекемесінде екі сотталған азамат қасық жұтып, ұстау режиміне наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"21 сәуірде Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары "ГМ-172/6" мекемесінде екі сотталған азамат қасықтың сабын жұтып, денені зақымдау актісін жасады. Олар өз әрекеттерін қамауда ұстау режиміне наразылық білдіру деп түсіндірді. Мекеме қызметкерлері дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Қазір сотталғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", — деп жазады комитеттің баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратта аталмыш екі азаматтың бұрын да сотты болғаны айтылған. Бұл жолы Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (тонау) және 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша жазаларын өтеуде. "Аталған оқиға бойынша қызметтік тексеру басталды. Тексеруге департаменттің мамандарымен бірге қоғамдық-бақылау комиссиясы да тартылмақ. "ГМ-172/6" мекемесінде сотталғандардың 96% ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатыр. Әдетте, мұнда тіркелетін өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің көбі бопсалау ниетімен жасалады. Суицидтік мақсатпен жасалмайды. Кейбір жағдайларда өзіне зиян келтіру арқылы мекеме әкімшілігінің заңды талаптарын орындаудан жалтарудың осындай тәсіл қолданылады", — делінген комитеттің ресми дерегінде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров