Астана
Нұр-Сұлтанда құны 1 трлн тенгеден асатын көпфункционалды туристік аудан салынады


primeminister.kz
Бұл аудан «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында болады. Кешен аумағы 2,6 млн ш.м, қосымша құрылыстар аумағы 333 га құрайды. Мұнда 15 мың ш.м. болатын аквапарк, ойындар аймағы, саябақтар, террасалар, кеңсе және коммерциялық үй-жайлар, қонақ үйлер, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы және т. б. орналасады. Бұл жайында primeminister.kz сайты жазды,- деп хабарлайды Экспресс К.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин нысанның жүріп жатқан құрылысын тексере барды.
Жобаның бірінші кезеңін (29 га) 2022 жылдың соңында пайдалануға беру көзделген. 21,3 мың уақытша және 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Үкімет басшысы жаңа ауданға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуді қамтамасыз етуді және барлық құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде сапалы орындауды тапсырды.
Бөлісу