"Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніндегі атыс: арнайы жасақ араласты

Экспресс К

© Sputnik

Қылмыскер көп қабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерге жасырынған. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратты жарып жіберемін деп қорқытуда. Ер адам пәтерге жасырынған. Полицияға оқ атуын жалғастыруда, деп хабарлайды оқиға орнынан Sputnik Қазақстан тілшісі.

Күдікті терезеге белгісіз хабарламасы бар постер іліп қойды.

© Sputnik
© Sputnik

Әлеуметтік желіде үйдің тұрғындары ер адам бұрын да көршілеріне агрессия көрсеткенін айтты. "Ол күзетшіні жаралады. Енді тығылып, оқ атуын жалғастыруда", — деді тұрғын үй кешені тұрғындарының бірі Sputnik Қазақстанға.

Оның айтуынша, ер адам бұған дейін де көршілеріне дөрекілік көрсеткен. Тіпті оны тұрғындардың желідегі чаттарының бірінен бұғаттап тастауға тура келген.

"Тұрғындардың тағы бір чатында оның жарып жіберемін деп қорқытқаны туралы хабарлама жүр. Бізде 23 қабат, шамамен 600 пәтер бар", — деді тұрғын.

Оқиға орнында полиция департаментінің бастығы генерал-майор Қанат Таймерденов жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр. Полиция не болып жатқаны туралы әлі түсініктеме берген жоқ. Журналистерді оқиға орнына жақындатпады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров