Күзетшіні атқан күдіктінің видеосы жарияланды

Оскар БЕК

©ЭК/Андрей Халин

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде күзетшіні мылтықпен атқан адамның видеосы телеграмм желісінде тарап жатыр. Видеодан камуфляж киген күдіктінің күзетшіні атып, асықпай кетіп бара жатқанын көруге болады. Бұл жайында "Экспресс К" хабарлады.

Алматы полициясы "Бұқар Жырау Тауэрс" атқышымен келіссөздер жүргізуде.

Қазіргі уақытта пәтерде жасырынған күдіктімен келіссөздер жүргізілуде. Қарулы адам келіссөздерден бас тартты. Оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Полиция азаматтарды тыныштыққа шақырады.

Жәбірленуші реанимацияда, оның өміріне қауіп жоқ. Қылмыскерді ұстау және залалсыздандыру бойынша арнайы операция жалғасуда,-деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров