Қарағанды
Қарағандыда Бұқар-Жырау даңғылындағы тұрғын үйден өрт шықты


AiTube.kz-тен кадр
Бүгін сағат 18.28-де Қарағандыда Бұқар жырау даңғылы бойындағы №96 үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті, - деп хабарлайды "Экспресс К".
Алдын ала мәлімет бойынша тоғыз қабатты тұрғын үйдегі жалын жалпы аумағы 70 шаршы метрді жалмаған. Сондай-ақ, 4-ші және 9-шы қабат аралығындағы баспалдақтарда тұрған жиһаз, тұрмыстық заттар мен қоқыстар өртенген.
Ал, сағат 19.41-де өрт толық сөндірілді.
Бөлісу