Қаруланған ер адамның өлімін полиция растады

Оскар БЕК

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматының қақ ортасында мұздай қаруланып, тұрғын үйде толассыз оқ атқан ер адамның 17-ші қабаттан секіріп өлгенін Полиция департаменті растады,- деп хабарлайды "Экспресс-к"

Бүгін күндіз тұрғын үй кешеніндегі күзетшіні атып, артынан сол үйдің 17-ші қабатындағы пәтерге тығылған күдікті ешқандай келіссөзге келмеген. Мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны әлі анықталады.

Бас-аяғы отыздай оқ атыпты. Қаруы біреу болған. Одан бөлек шулы және газды жарылғыш затты пайдаланыпты.

Күзетшіден бөлек, арнайы жасақтың екі сарбазы зардап шеккен. Олардың бәрі ауруханаға жеткізілді,- дейді Алматы қаласының полиция департаменті. Денсаулықтарына қатысты ақпарат қосымша хабарланады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров