Оқ атып, артынша мерт болған ер адамның кім екендігі белгілі болды

Оскар БЕК

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі пәтерге қамалып, полицияға оқ жаудырған ер адам терезеден секіріп, мерт болды. «Экспресс К» редакциясына белгілі болғандай, оның есімі - Руслан Исаев, 1968 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы.

Сонымен қатар, сол аяғына оқ тиіп жарақат алған күзетші — Андрей Проценко 1963 жылы туған. Қазір ол Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды. "Оқиғаның мән-жайы, себеп-салдары әлі де анықталады. Ол туралы арнайы хабардар етеміз. Жергілікті тұрғындар мен полиция қызметкерлері зардап шеккен жоқ", — деді Алматы қалалық полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров