Елімізде 878 мыңнан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстанда 878 067 адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. "Экспресс К" Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап осылай деп хабарлайды.

Бұл 25 сәуірдегі жағдай бойынша вакцина алған азаматтар қатары. Вакцина салынған азаматтардың басым бөлігі Алматыда, онда 176 мың 823 адам бірінші компонентпен, 29 мың 787 екінші компонентпен вакцина алды. Ал, ел астанасы Нұр-Сұлтанда бірінші компонентпен 87 мың 714, екінші компонентпен 13 мың 661 адам екпе салдырды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров