Алматыда атыс ұйымдастырған қылмыскер туралы тың дерек

Экспресс К

© Sputnik

2018 жылдың тамыз айында Дағыстанның Жоғарғы Соты қылмыскердің аты-жөнімен сәйкес келетін адамның әкімшілік ісін қарапты. Сот актісі «Sputnik Қазақстан» телеграмм каналнда жарияланған.

Қысқаша айтқанда Исаев Руслан Абуевич Дағыстандағы Избербаш қаласында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осыдан соң қалалық сот істі тоқтатыпты. Исаевке хаттама тотырған полиция қызметкері сот шешімімен келіспей Республиканың Жоғарғы Сотына шағым түсіріп қандайда бір шара қабылдауды сұрайды.

Алайда Жоғарғы Сот істі қарап, қалалық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған, ал құқық қорғау органының қызметкерінің шағымы қанағаттандырылмады.

Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуір күні Алматыдағы "Бұқар-Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде күзетшіні белгісіз ер адам аңшы мылтығымен атып жаралаған болатын. Соңыра ол сондағы пәтерге бой тасалап, полицейлерге берілуден бас тартқан еді. Кейін 17 қабаттан терезеден секіріп мерт болды.

Қылмыскер Исаев Руслан Абуевич, 1968 жылы дүниеге келген, Ресей азаматы екенін кейін полиция анықтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров