Өткен жылы елімізде шетелдің екі мыңнан астам азаматы заң бұзған

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында келтірілген ақпаратқа сәйкес, өткен жылы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар елімізде 2671 қылмыс жасаған.

Атыс және газ қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз қолданудың 20 жағдайы тіркелген. Сондай-ақ елімізге қонаққа келген сырт елдің азаматтары көбіне ұрлық (1308 факт), алаяқтық (388 факт), тонаумен (108 факт) айналысқа.

Олардың ішінде Өзбекстан азаматтары 831 қылмыс жасаған. Ресейліктердің үлесінде 507, болса, Қырғызстан тумалары біздің қылмыстық кодексті 190 рет бұзыпты. Жалпы алыс-жақын шетел азаматтарының қатысумен болатын қылмыстар көбіне еліміздің оңтүстік аумағында тіркеледі екен.

Кешегі Алматыда атыс ұйымдастырып, артынша өзіне-өзі қол салып мерт болған Руслан Исаев Ресей азаматы екендігін айта кету керек.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров