12 жасында джип тізгіндеген қай байдың баласы?

Қуаныш РАХМЕТ

ПД баспасөз қызметі

Павлодар облысында 12 жастағы ұлына джип автокөлігіннің тізгінін басқаруға берген тұрғынға әкімшілік айыппұл салынды,- деп хабарлайды "Экспресс К" сайты облысы полиция департаментінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі паблигінде кәмелеттік жасқа толмаған баланың джип автокөлігінің жүргізуші орындығында отырған фотосы тарады. Аталған факт бойынша Кенжекөл ауылына автопатруль аттанып, ақпарат расталды. " Toyota Land Cruiser Prado" автокөлігін 12 жастағы баласына тізгіндеуге бергені үшін әкесіне 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Алғашқы мүшеліне аяқ баспаған баласының әрекеті үшін әкесі 145850 теңге айыппұл арқалады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров