Ашуға булыққан әкім сынға қалды

Оскар БЕК

AiTube.kz-тен кадр

Бірнеше күн шекарада кептелісте тұрған жүргізушілермен сөйлесуге шығып, ашуға ерік берген Панфилов ауданының әкімі әлеуметтік желіде сын астына қалды, деп хабарлайды Экспресс-к.

Видео инстаграм желісінде taldykorganec.insta парақшасында жарияланған. Видеодағы әңгіме сыңайларына қарағанда, "мені сайлаған сен емес" деп атқамінер басынан сөз асырмай тұр. Жүргізушілер де өз дегендерін батырып айтып, қалысар емес. Сөз жүзіндегі кикілжіңнің неден туындағаны әзір белгісіз. Әкімдік ресми түсініктеме берген жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров