Теріскейде тұрғындар саябақта серуендей алмай жүр

Қуаныш РАХМЕТ

facebook.com / qumar.aqsaqalov

Солтүстік Қазақстан облсының орталығы Петропавл қаласындағы Қазақ драма театрына іргелес жатқан саябақ қоршалып, тұрғындардың серуендеуіне шектеу қойылуына қатысты облыс әкімі пікір білдірді, деп абарлайды "Экспресс К" тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында осы жайтқа қатысты жазды. "Жақында әлеуметтік желілерде қала тұрғынының С.Мұқанов атындағы қазақ театрының жанындағы саябақ халыққа қол жетімді емес деген үндеуі болды. Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Қоршаулар бұзылды, бүгін біз сенбілік өткіздік. Биыл бұл алаң жөнделіп, тұрғындар үшін жақсы демалыс орнына айналады.

Жалпы біз саябақтарды жаңарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Өткен жылы 5 жаңа саябақ салынды. Биыл 7 саябақ ашылады. Брусиловский көшесіндегі саябақ ұзартылады. Жуков көшесінде әдемі аллея жасалады. Қуыршақ театрының жанында балаларға арналған саябақ құрамыз. Жаңа қазақ театрының жанында және Алтынсарин көшесінде де жаңа саябақ пайда болады" деп жазды Құмар Ақсақалов. Өңір басшысы саябақтар салудан сырт төрт жылда 386 аула жөнделгенін, биыл тағы 82 аулаға жөндеу жұмыстары жасалатынын атап өтті. Облыста сонымен қатар тегін автотұрақтар жасалып жатқанын айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров