Ирактағы өрттен ажал құшқандардың саны 80-нен асты

Қуаныш РАХМЕТ

cnn.com

Ирактың бас қаласы Бағдадтағы коронавирус жұқтырушылар ем алатын ауруханада шыққан өрттен қаза тапқандардың саны 82-ге жетті, деп Экспресс-к сайты Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Ирактың Ішкі істер министрлігі ел астанасы Бағдадтағы COVID жұқтырған адамдарды қабылдайтын ауруханадағы өрттің неден тұтанғанын айтты. Associated Press басылымы хабарлағандай, интенсивті терапия бөліміндегі оттегі баллонының жарылуынан өрт тұтанған. Әп-сәтте жалыны шарпыған тілсіз жау талай адамның өмірін жалмады.

"Бұл ешқандай да ақтауға келмейді, қателік те емес, бұл — қылмыс! Кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады" деді Ирактың Премьер-министрі Мұстафа әл-Қадыми. Премьер-министр Эр Русафа ауданы денсаулық сақтау басқармасының бас директорын және отқа оранған аурухананың басшыларын қызметінен қуды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров