Елорда тұрғындары демалыс күндері КВИ-ға қарсы белсенді вакцина алуда

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елордада коронавирусқа қарсы 100-ден астам егу пункті ашылды. Олардың арасында ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен МСАК мекемелері бар. Елордалық «Керуен» СОО-да егу пункті ашылған күннен бастап КВИ-ға қарсы вакцинаны 120 адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Демалыс күндері қала тұрғындары қауіпті вирусқа қарсы белсенді вакцинациялануда.

"Елордада 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді. Сондай-ақ, демалыс күндері жұртқа вакцина алу ыңғайлы болуы үшін елорданың "Керуен" сияқты ірі сауда орталықтарында егу пункттерін аштық. Біздің басты міндетіміз — елордалықтарды вакцинациялау үшін барынша жағдай жасау. Сонымен қатар, "Mega Silk Way", "Абу Даби Плаза", "Хан Шатыр" СОО-ларында егу пункттері ашылғанын білесіздер. Сол сияқты келесі аптада қосымша егу пункттерін ашамыз. Бұл жұмыстың бәрі міндетті түрде эпидемиологтардың келісімімен ашылады. Мұнда вакцинациялауға рұқсат етілген елордалық емханалардың дәрігерлері жұмыс істейді. "Керуен" СОО-да №9 қалалық емхананың 12 медицина қызметкері екпе жасайды", — деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров