Көкшетауда 9 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

Express Qazaqstan

ҚР ТЖД

Көкшетауда 9 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды, оның 10-бала, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін сәуірдің 25-де сағат 17:45 шамасында Осипенко 1/3 мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 7-ші қабатындағы пәтердің балконында тұтанған. Төрт шаршы метр аумақты шарпыған өрттен үй заттары жанды.

"Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 26 қызметкер және 10 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Aрнайы құтқару баспалдағының көмегімен 25 адам эвакуацияланды, оның 10-бала. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ", деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров