Димаштың жаңа бейнеклипі шықты

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Димаш Құдайберген «Be With Me» атты композициясына арналған жаңа бейнебаянының тизерін ұсынды. Көп ұзамай әнші тыңдармандарға жаңа қызықты оқиғаны ұсынады,-деп хабарлайды «Эксперсс К» dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті достар! Мен Сіздермен жақында "Be with me" жаңа бейнебаянымның жарыққа шығатыны туралы жаңалықпен бөліскеніме қуаныштымын! Жарқын эмоциялардың үйлесімі, драйв және басты кейіпкердің батылдығы — бұл ерекше формат. Жаңа оқиға — Жаңа мен! Премьераны жіберіп алмау үшін менің барлық әлеуметтік желілерімдегі жаңалықтарды қадағалаңыздар."- деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

"Be With Me" композициясы алғаш рет 2021 жылы 17 қаңтарда 100 елден көрермен жинаған американдық TIXR стримингтік платформасында өткен шырқалған еді. Ән Dimash Digital Show онлайн-концертінің финалында орындалды.

Саунд-продюсер Ерлан Бекчуриннің айтуынша, әртістің әнін жазған кезде команда Майкл Джексон, Куинс Джонс және Стиви Уандер сияқты аты аңызға айналған орындаушылардың шығармашылығынан шабыт алған.

Шығарылым жанкүйерлердің жақсы эмоциясына ие болғаны соншалық, олар әсерлі әнге бейнебаян шығарыла ма деп сұрай бастады.

Міне, бүгін Димаш өзінің жаңа жұмысына тизерді қуана ұсынады, ол өз шығармашылығының жанкүйерлеріне композицияның өзі сияқты жарқын эмоциялар сыйлайтынына уәде береді.

Музыкалық бейнені қазіргі таңда Мәскеу қаласында тұратын, өзінің есебінде өз елінің де, шетелдің де танымал әртістерімен жасаған жүзден астам жұмыс бар атақты украиналық клипмейкер Радислав Лукин түсірді.

"Be With Me" бейнебаяны көрермендердің оң әсеріне ие болады деп сенемін және бұл жағдайда біз барлығын дұрыс жасадық деп қуанатын боламын. Барлығыңызға сәтті көрілім болсын! Шығарылымды асыға күтеміз!"- деді Радислав Лукин.

Бейнеклиптің қысқаша мазмұны екі бойжеткен мен бір жігіт арасындағы махаббат жайында өрбиді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров