Астана
Отандық вакцинаны салу науқаны басталады және А. Цой бірінші болып екпе алады


© СЦК
Бүгін, яғни 26-сәуір дүйсенбіден бастап COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны егу науқаны басталады. Бірінші болып еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырады,- деп хабарлайды "Экспресс К" ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған және өңірлер бойынша 50 мың доза мөлшерінде бөлінетін QazCovid-in отандық вакцинаны егу басталатындығын министрліктің Facebook парақшасында жазылған.
Денсаулық сақтау министрінің вакцина алу сәтін 26 сәуірде, таңғы сағат 08:45-те Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде және ведомствоның Facebook-тегі ресми аккаунты арқылы көруге болады.
Ел бойынша екпенің алғашқы партиясы 25 мың адамға салынады деп жоспарланған.
Бөлісу