Елорда тұрғындары үшін Нұр-Сұлтанға «QazVac» вакцинасы жеткізілді

Express Qazaqstan

primeminister.kz

Азаматтар вакцинаны емханалардан бөлек ірі ойын-сауда орталықтарында да ала алады. Отандық өнімі саналатын «QazVac» вакцинасы 6 мың доза мөлшерінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткізілді. Қазіргі таңда қоймаларда ресейлік «Спутник-V» вакцинасымен қоса 55 мыңдай вакцина дозасы бар, - деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екпе алмас бұрын азаматтар қай вакцинаны алғысы келетінін өздері таңдай алады. Таңдау ресейлік "Спутник-V" және қазақстандық QazVac вакцинасы арасында. Бүгінде отандық вакцина тапсырыс бойынша емханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына таратылды.

"Күніне 6 мың адамға дейін екпе салынады. Бастапқыда тұрғындар вакцинаға сақтықпен қарады. Бірақ вакцина алмау денсаулыққа әлдеқайда қауіпті екенін және тек осылайша өзімізді инфекциядан қорғай аламыз деген кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы азаматтар вакцинацияланғандардың қатарына өз еркімен қосыла бастады. Халық арасында қорқу мен сенімсіздік жойылып, өз денсаулығы үшін жауапкершілік арта түсті", — дейді Басқарма басшысы Тимур Мұратов.

Бір күннің ішінде ОСО-ның вакцинация аймақтарында 250 адамға дейін екпе егіледі. Бүгін елордада вакцинация пункттері Mega Silk Way, Keruen, Хан Шатыр және Абу-Даби Плаза сауда орталықтарында ашылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров