Қазақстан
Экс-министр Біртанов министрлікке орала ма?


stan.kz
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Елжан Біртановтың денсаулық сақтау министрлігіне қайтадан жұмысқа алынатындығы туралы өз ойын айтты, -деп хабарлайды "Экспресс К".
Бүгін тікелей эфирдегі вакцина алған Алексей Цойға журналист Біртановқа қатысты сауал қойды. Цойдың айтуынша сот шешімі бойынша экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат етілген.
"Қазіргі біз Біртановтың жұмыс істеуіне болады деген ақпарат алдық. Біздің білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жатыр", — деп жауап берді Алексей Цой.
Алексей Цой бүгін таңертең коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын салдырған болатын.
Бөлісу