Алматы
Азия чемпионатына қатысқан кореялық алты балуан COVID-19 жұқтырды


© Getty Images
Күрес түрлерінен Алматыда өткен Азия чемпионатына қатысқан Оңтүстік Корея құрамасының жеті мүшесінен коронавирус анықталды. Бұл тізімде алты балуан мен бапкер бар, - деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
"Бес балуан мен бапкер Оңтүстік Кореяға оралды, ал алтыншы спортшы Қазақстанда қалды, өйткені ол келесі аптада Болгариядағы сайыста өнер көрсетпек. Бұл елде 6-9 мамырда әлемдік іріктеу турнирі өтеді.
Вирус жұқтырғандардың ешқайсында симптом қатты білінбеді. Оңтүстік Кореяға қайтқандар оқшауланды", — делінген сайтта.
Бөлісу