Дәрігер камерасы науқастарды үркітті

Оскар БЕК

camfor.ru

Петропавлда дәрігердің бөлмесінде тұрған бейнежазба тұрғындардың ашуына тиді. Айтуларынша, кереуеттің дәрігер үстеліне тым жақын орналасуы олардың дене мүшесінің бақылау камерасына түсіп қалуына мүмкіндік береді,-деп хабарлайды sputnik.kz Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Осылайша онкологиялық клиника дәрігерлерінің кабинетіне орнатылған бейнебақылау камералары тұрғындарының жағасын ұстатты.

Яғни бұдан былай пациенттерді медициналық тексеруден өткізілген сәт таспаға жазылып, бейнежазбалар серверге жіберіліп, сол жерде сақталады. Ал оның сақтау мерзімі мен шарттары белгісіз.

"Бейнебақылау камералары бас дәрігердің шешімі негізінде орнатылған, жаппай орнату туралы бұйрық жоқ. Егер дәрігерлер кабинетінде камера болса, есігіне: "Назар аударыңыз! Аудио және бейнежазба жүргізіліп жатыр" деген ескерту ілінуі тиіс. Мұның бәрі қызмет сапасына бақылау жүргізу үшін іске асырылып жатыр", — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Алайда кабинеттердің тар болуы мен тексеруге арналған кереуеттің дәрігердің жұмыс үстеліне тым жақын орналасуы тұрғындардың шамына тиген. Бұл жағдай гинеколог пен мамолог сынды өзге де дәрігер-мамандардың қарауы кезінде пациенттердің дене мүшесі бақылау камерасына түсіп қалуына мүмкіндік береді.

"Медициналық мекемелерді бейнебақылау жүйесімен жабдықтау мәселесі, оларды пайдалану ережелері егжей-тегжейлі қарастырылмаған. Мұндай шараны қолға алмас бұрын, адамдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізгені орынды болар еді", — дейді қала тұрғындары.

Себебі, жазбалардың қашан, қай жерде, қалай сақталатыны және оның қауіпсіздігінен пациенттер мүлдем хабарсыз.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров