Хопкинс университеті: әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 146,8 миллионнан асты

Express Qazaqstan

abcnews.go.com

Дүйсенбі күні таңертең әлемде анықталған коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 146 миллион 836 мың 524 болды, деп хабарлайды Джонс Хопкинс американдық университетінің мәліметтері.

Пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде COVID-19-бен байланысты аурулардан қайтыс болғандар саны 3 миллион 106 мың 435 адамға жетті.

COVID-19 жұқтырудың 10 миллионнан астам жағдайы бар елдер қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.

АҚШ жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша көшбасшы болып қалуда, онда жалпы 32 млн 77 мың 75 Сovid-19 жұқтырғандар анықталды, 572 мың 200 өлім тіркелді.

Жұқтырғандар саны бойынша екінші орында Үндістан, онда пандемия басталғаннан бері Сovid-19 расталған жағдайлардың саны 16 миллион 960 мың 172 құрады, қайтыс болғандардың саны — 192 мың 311, 14 миллионнан астам адам емделді.

Бразилия жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында, онда 14 миллион 340 мың 787 жағдай тіркелген, оның ішінде 390 мың 797 адам қайтыс болды, 12,6 миллионнан астам адам емделді.

Маңызды әлемдік оқиғалар бойынша статистикаға мамандандырылған Worldometer порталының мәліметтері бойынша, дүйсенбі күні таңертең планетаның 1 миллион тұрғынына шаққанда өлім-жітім коэффициенті 400,6 құрады. АҚШ — та 1 миллион тұрғынға шаққанда 1 мың 762 адам, Үндістанда — 140, Бразилияда- 1 мың 829 адам қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров