Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды

Express Qazaqstan

dknews.kz

Бокстан Кельце қаласында (Польша) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Санжар Ташкенбай 1-орынға ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

49 келіде сынға түскен отандасымыз финалдық кездесуде Ресей елінің спортшысы Роберт Бадалянды 4:1 есебімен жеңіп, алтынан алқа тақты.

dknews.kz
dknews.kz

Байрақты бәсекеге 58 елден 500 ге жуық спортшы қатысты.

Айта кетейік, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс 4 қола жүлдемен төртінші орынға жайғасты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров